ҚЫСҚА КӨЙЛЕКТІ БОЙЖЕТКЕН... – Әне,қара...әдемі қыз ой неткен! Деп,жігіттер,көзін сүзіп тұр шеттен Көше бойлап,бара жатыр,сыланып, Қысқа көйлек киіп алған,бойжеткен. - Алшаң басып,бері қарай беттеген, Сендей сұлу бұл әлемде кемде-кем. Әй, бірақ та,сені қайтіп ұнатсын... Тал бойына шыт матасы жетпеген. - Кімге ұнап,соншалықты тырысқан? Тар көйлектен,өне бойы құрысқан. Әкесіндей, кісілер тұр көз сүзіп... Бала сынды,тәттілерге қызыққан. - Пиғылдары арам ойлы,пасықтан, Көргенінде тамырынан тасып қан Ағасындай, жігіттер тұр көз қадап, Аш қасқырдай, жемтігіне асыққан. - Қалай келін,атанасың жат жердің, Ақыл айтса,қарсы келіп,тап бердің. Бар күнәңды,сол жақтағы періште, Жазып жатыр,амалына дәптердің. - Неге,неге,шығып кеттің тым шектен, Берілмеп пе ед,адал сүті емшектен... Сауап емес,күнә жинап...Құдайдың, Тозағына бармақпысың бойжеткен? - Саған енді, жетпейтіндей бар күшім, Жалғыз ғана,өтініш бар, сәл... түсін! Қысқа көйлек,кимеңізші өтінем... Зор күнәдан арылғыңыз,келсе шын. - (с) Қуаныш САҒЫНДЫҚҰЛЫ