Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен.
«Ескерт! Өйткені ескерту мүміндерге пайда береді». (Зарият, 55)
✅ ХЭЛЛОУИН – САЙТАНҒА ТАБЫНУ МЕРЕКЕСІ
Хэллоуин - сайтанға табыну мерекесі. Егер мұсылман адам оны тойлауға қатысса, күпірлікке түсіп діннен шығады. Сондай-ақ, Аллаға серік қосқан болып саналады. Себебі сатанисттердің өзі бұл күнді "сайтанға табыну күні" деп атайды.
«Христиан ата-аналар өздерінің балаларына ең болмағанда жылына бір түн сайтанға табынуға рұқсат еткендеріне мен қуаныштымын. Хэллоуинға қош келдіңіздер», - Антон Лавей, сайтани шіркеудің негізін құрушы.
Ниса сүресі, 116-аят: «Шындығында Алла Өзіне серік қосқанды кешірмейді, ал одан басқаны (басқа күнәні) қалаған пендесіне кешіреді. Кімде-кім Аллаға серік қосса, ол қатты адасады».
Юнус сүресі, 106-107 аят: «Және де Алладан өзге саған пайда, зиян келтіре алмайтын нәрселерге жалбарынба. Егер оны істесең, онда күдіксіз сен залымдардан боласың».
Еске сала кетейік, 31 қазаннан 1 қарашаға қараған түні еліміздің барлық қалаларындағы ойын-сауық орталықтары мен түнгі клубтары (дәмхана, мейрамхана), тіпті мектептер мен балабақшалар, жоғарғы оқу орындары да тойлайды. Сақ болыңыздар!